Батырхан Төлеуғали Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды
<p><strong>Түркияның Анталия қаласында таеквондодан <a href="/admin/news/410149/Turkiye%20Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды">Turkiye Open-2026</a> ірі халықаралық турнирі мәресіне жетті. Ұлттық олимпиада комитеті жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған құрама көшбасшысы Батырхан Төлеуғали алтын медаль жеңіп алды. 74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Эльдар Бірімбай турнирдің күміс жүлдесін еншіледі.
63 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Мергенбай мен 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Бейбарыс Қаблан қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдана Құмартаева екінші орынға ие болған еді. Ал Нодира Ахмедова (53 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.