Елорда
1 мин оқу 40
«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды
<p><strong>Астанада Шәмші Қалдаяқов көшесінде «Шәмші әлемі» атты музыкалық инсталляция орнатылды. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Шәмші Қалдаяқов көшесі – Астананың ең танымал әрі көрікті көшелерінің бірі.
Қазақтың ұлы сазгері, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың мұрасына тағзым ретінде Сарайшық ауданының әкімдігінің бастамасымен «Шәмші әлемі» атты бірегей музыкалық инсталляция орнатылды.
Бұл өнер нысанында композитордың ғұмыр жолы мен аңызға айналған әндерінің әуені енгізілген.
Бөлісу: