Үш бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% жеңілдік енгізілді
<p><strong>«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1-30 сәуір аралығында сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер енгізілгенін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңілдік белгіленген кезеңде қолданылады және жол жүру құжаттарын ресімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда жарамды болады.
Жеңілдік № 105/106 «Петропавл – Алматы», № 77/78 «Алматы – Маңғыстау» пойыз бағыттарына ұсынылып отыр. Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады.
Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады
«Қосымша ретінде № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша турист (2Д, купе) вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билеттерді алдын ала, пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45-тен 15 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады және турист (2Д, купе) санатындағы вагондарға төменгі және жоғарғы орындарға қолданылады», делінген ҚТЖ таратқан хабарламада.
Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады