Семсерлесуден жаһандық турнирде Қазақстан спортшысы жүлдегер атанды
<p><strong>Бразилияның бас шаһары Рио-де-Жанейрода семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Семсерші Нұрмұхамед Жайлыбай жасөспірімдер арасында қола жүлде жеңіп алды.
Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды
Жарыс барысында ол Венгрия спортшысы Даниэль Беркешиді (15:6), жапон спортшысы Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовты (15:14) және АҚШ өкілі Эмилио Патурзоны (15:13) ұтты.
Отандасымыз Н. Жайлыбай жартылай финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде Түркия өкілі Фуркан Яманға 13:15 есебімен жол беріп, үздік үштікті түйіндеді.
Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды