Теннис
1 мин оқу 10

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

<p>Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Аурангабад қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева мен ресейлік Екатерина Яшина жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген. Олар ширек финалда нидерландылық Мелисса Бойден – малайзиялық Эльза Ванды жеңді.

Матч 1 сағат 5 минутта аяқталды. Есеп – 6:1, 6:3.

 Жібек Құламбаева Үндістандағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева мен Екатерина Яшина енді финалға шығу үшін үндістандықтар Чевика Редди Сама – Саумия Рондемен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Жібек Құламбаева бір күнде жекелей және жұптық сында да жеңіске жетті.

Бөлісу:
Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар