Бұршақ жауып, жел күшейеді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-sfc-root="c" data-sfc-cb="" data-hveid="CAEIBBAA" data-complete="true" data-processed="true"><strong>4 және 5 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, бұл жағдайға атмосфералық қысымның ауысуы әсер етпек, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Елдің солтүстік-батысында 4 сәуірде қатты жаңбыр жауады. 5 сәуірде оңтүстік аймақтарда да жауын-шашын болады. Сондай-ақ 5 және 6 сәуірде батыс өңірлерде нөсер күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ал күндіз кейбір аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал.
- Батыста – +10...+20 градус жылы;
- Солтүстікте – +15...+20 градус жылы;
- Шығыста ауа температурасы +15...+23 градустан +20...+28 градусқа дейін көтеріледі.
Еске сала кетейік, «Қазгидромет» 3 сәуір ел аумағында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Синоптиктер болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі.