Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады
<div class="Y3BBE" data-sfc-cp="" data-sfc-root="c" data-sfc-cb="" data-hveid="CAEIAxAA" data-complete="true" data-processed="true"><strong>Синоптиктердің мәліметінше, 7-9 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></div>

Еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады деп болжанған. Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі, ал батыс пен оңтүстік аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
Жауын-шашынсыз ашық ауа райы тек еліміздің шығысында ғана күтіледі.
Ауа температурасына келетін болсақ, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде күндізгі көрсеткіш +3...+15 градусқа дейін төмендейді.
Еске сала кетейік, бүгін бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.