Қазақстанда инфляция деңгейі алты ай қатарынан төмендеп келеді
<p><strong>Елімізде инфляция деңгейінің төмендеу үрдісі қатарынан 6 ай бойы сақталып отыр. Соңғы деректерге сәйкес, 2026 жылдың наурызында инфляция 0,6% болды, ал жылдық көрсеткіш 11,0%-ға дейін баяулаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </strong></p>

Үкіметтің мәліметінше, инфляция қарқынының төмендеуі 2025 жылдың қыркүйегіндегі 12,9% деңгейінен кейін біртіндеп жалғасып келеді. Осы кезеңнен бері баға өсімі бәсеңдеп, тұрақты динамика қалыптасты. Қаңтар-ақпан айларында да көрсеткіш тиісінше 1,0-1,1% аралығында болған.
Ресми деректерге сүйенсек, инфляция деңгейі 6 айдан бері төмендеп келеді.
AERC болжамы: Мамыр айында жылдық инфляция 11,01%-ға дейін төмендеуі мүмкін
Ұлттық экономика министрлігінің болжамына сәйкес, қосылған құн салығы (ҚҚС) өзгеруіне байланысты туындаған қысқамерзімді баға өсімі қазір толықтай теңестірілген. Бұл фактор қазіргі инфляция қарқынына әсер етпей отыр.