Ауа райы
1 мин оқу 40

Қазақстанда ауа райы күрт құбылады

<div class="description">Синоптиктер 9 сәуірде Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</div>

Қазақстанда ауа райы күрт құбылады

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, солтүстігінде, түнде батысында, солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

Тек Қазақстанның шығысында, аңтициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі», делінген хабарламада. 

Жаңбыр, тұман, найзағай: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бөлісу:
Қазақстанда ауа райы күрт құбылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар