Қоршаған ортаны таза ұстау – ортақ міндет

<p style="text-align: left;">Ұлытау облысында &laquo;Таза Қазақстан&raquo; экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйым&shy;дастырылды. Оның барысында Жезқазған, Сәтбаев қала&shy;ларында жалпы аумағы 22 га жер қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.</p>

Қоршаған ортаны таза ұстау – ортақ міндет

Тазалық шарасына өңір­дің барлық қала-ауданынан 380 ұжым қатысып, 5 мыңға жуық ерікті, мекеме қызметкері мен жастар белсенділік танытты. Сенбілік жұмысына 107 арнайы тех­ника жұмылдырылды. 1152  тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылып, 140 га аумақ тазар­тыл­ды. Қал­дық­­­тарды сұрыптап жинауға арнал­­­ған 400-ге жуық экобокс орнатылды.

Экологиялық мәдениетті қалып­тастыру, қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті. Өңір­дің экологиялық жағда­йын жақ­сартуға тұрғындардың ғана емес, көпшілік жас­тар­­дың, оқушылардың да атса­­лысуы қоршаған ортаға де­ген жанашырлық пен жауап­кершіліктің артып келе жат­қанын аңғартады. Сенбіліктер тазалық, абаттандыру айлығы кезінде апта сайын ұйымдастырылады.

Ұлытау облысы

Бөлісу: