Өнер
1 мин оқу 90

Димаш туралы деректі фильм

<p style="text-align: left;">Әлемге әйгілі әнші, Қазақ&shy;станның халық әртісі Димаш Құдайберген туралы дерек&shy;ті фильм 30 мамыр күні Испания астанасы Мадрид қаласында алғаш рет көрерменге жол тартпақ. &laquo;Al comp&aacute;s de su voz&raquo; (Оның дауыс ырғағымен) деп аталатын бұл туындының бас&shy;тамашысы &ndash; испания&shy;лық жанкүйерлер, ал жүзеге асырушысы &ndash; &laquo;Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial Spain-La Gran Voz Kazaja&raquo; қауымдастығы. Фильмнің премьерасы Мадридтің Hortaleza ауданындағы &laquo;Palacio de Hielo&raquo; кешенінде өтпек.</p>

Димаш туралы деректі фильм

Аталған жоба жұмысы 2024 жылдың қазан айында басталып, шамамен екі жылға жуық уақытты қамтыған. Деректі фильм­ге

20 сағаттан астам бейнематериал, архивтік жазбалар, фотосуреттер мен сұхбаттар енгізілген. Туындыда әлемнің әр түкпірінен жиналған бес жанкүйердің жеке оқиғалары баяндалады. Ав­тор­лар олардың әншімен рухани байланысын, сондай-ақ Димаш­тың халықаралық фан-қоғамдас­тығы ішіндегі ерекше атмосфераны көрсетуге тырысқан. 

Осы жаңалықты естіген соң, әлеуметтік желіден испа­ния­лық кинематографист Давид Коллантес Родригеске хабарластық. Оның айтуынша, фильмнің басты идеясы – Димаш­тың өнері миллиондаған адам­ның өміріне қалай әсер еткенін көрсету болмақ. «Бұл жобада әрбір жанкүйердің жеке тарихы арқылы ортақ бір құбы­лысты, өнердің адамдарды бірік­тіру күшін ашуды көздедік. Әр адамның Димашпен танысуының өз тарихы бар. Бұл – менің алғаш­қы толық­метражды жұмы­сым. Ал ал­ғашқы дүниелер әрдайым ерек­ше болады», дейді ол.  

Фильмде Димаштың Ис­па­ниядағы алғашқы кон­­цер­ті (Барселона, қараша айы), сондай-ақ 50 елден келген 700-ден астам жанкүйер қатысқан арнайы кездесулер де қамтылған. Авторлар туынды арқылы әнші шығар­машы­лығын кеңінен насихаттап, оны шын мәнінде жаһандық мәдени феномен ретінде танытуды мақсат етеді.

Бөлісу: