Алматы
1 мин оқу 50

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

<p>Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға жаңа терминалдағы паспорттық бақылау аймағында техникалық жұмыстар басталатынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

«9 сәуірден бастап 10 күн бойы Т2 терминалының ұшу аймағында, паспорттық бақылау маңында төбедегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады», делінген хабарламада.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, жолаушылардың қозғалысына шектеу қойылмайды, алайда уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін.

«Аталған жұмыстар – терминалдың жайлылығын арттыруға бағытталған жоспарлы шаралардың бөлігі. Жол жүруді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз, себебі қарбалас сағаттарда кезектер пайда болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Жолаушылар назарына: 15 сәуірден бастап елорда әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді

Бөлісу:
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар