Талбесік
1 мин оқу 10

Ертіс орманында құстың 90 түрі бар

<p style="text-align: left;">Былтыр &laquo;Ертіс орманы&raquo; табиғи резерватының ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі жүргізген далалық зерттеу нәтижесінде орман аумағында бұрын тіркелмеген 40 құс түрі анықталған. Олардың ішінде Павлодар облысында алғаш рет тіркелген түрлер де бар.</p>

Ертіс орманында құстың 90 түрі бар

«Ертіс орманы» мемлекеттік таби­ғи резерваты – еліміздегі био­алуан­түрлілігі жоғары, ғылыми ма­ңызы зор аумақтардың бірі. Қазір мұнда құстардың 90 түрі тіркелген. Оның ішінде 10 түрі еліміздің Қызыл кітабына енген. Сондай-ақ өсімдіктердің 307 түрі мен сүтқоректілердің 21 түрі анықталған.

«Былтыр резерват мамандары зерт­теп, анықтаған, бұрын-соңды кез­деспеген құс түрлерінің ішінде кәдімгі жыланжегіш (Circaetus gallicus), емен­тұмсық (Coccothraustes coc­cothraustes), азиялық қарабас шақ­шақ (Saxicola maurus),  қызылқұлақ сұлы­кеш (Emberiza cioides) сынды құс­тар бар.  Біразы бұған дейін Ертіс-Баян өңірінде ұшыраспаған, алғаш тір­ке­ліп отыр», деп хабарлады резерват өкілдері.

Мекеме басшылығы алдағы уақыт­та да мониторинг жасауды жүйелі жал­ғастыра беретіндерін айтады. Табиғи бай­лықты сақтау мен қорғауда «Ертіс ор­манының» алатын маңызы арта түспекші.

 

Павлодар облысы 

Бөлісу: