Оқиға
1 мин оқу 70

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

<p>Астанада №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының бір бөлмесінде өрт болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

Астана әкімдігінің мәліметінше, өрт туралы хабар 2026 жылғы 11 сәуір күні сағат 22:48-де түскен.

Жеті минуттан кейін, яғни 22:55-те, оқиға орнына 101 қызметінің күштері жетті. Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісіп, оны 23:08-де толықтай ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Қалалық билік өкілдерінің айтуынша, төтенше қызметтер мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында адам шығыны мен жарақат алғандар болмаған.

Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты

Оқиғаға байланысты балалар көрші ғимаратқа көшірілді.

Бөлісу:
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар