Спорт
1 мин оқу 50
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
<p><strong>Хорватияның Осиегінде спорттық гимнастикадан Әлем кубогі аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Ат» жаттығуында Зейнолла Ыдырысов (14,600) күміс алса, Нариман Құрбанов (14,000) қолаға қол созды. Бұл сайыста бас жүлдені армениялық Гамлет Манукян (14,733) олжалады.
Ал «Керме» жаттығуында Милад Карими (14,933) күміс медальді мойнына ілді. Ол тек тайпейлік Танг Чиа-Хуннан (15,233) қалып қойды.
Бөлісу: