Энергетика
1 мин оқу 50

Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

<p><strong>Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және жылыту маусымына дайындық аясында 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 3 энергоблокта жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар 12 қазандық жөнделіп жатыр, олардың біреуіндегі жұмыстар аяқталған. Бір турбинаның жөндеуі аяқталып, тағы 5 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қалған нысандардағы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті

Жүргізіліп жатқан шаралар энергетикалық жабдықтардың сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында халықты тұрақты жылумен жабдықтауға бағытталған.

Нұрболат АМАНБЕК

Бөлісу:
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар