Елорда
1 мин оқу 40

Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді

<p>Елордада бірқатар автобус аялдамасының атауы өзгертілді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді

Жауапты мекеменің мәліметінше, атауларды өзгерту орталық көшелерді де, жаңа тұрғын аудандарды да қамтыған. Алайда автобус маршруттарының қозғалысы өзгеріссіз қалды.

Атап айтқанда, Ж.Молдағалиев көшесіндегі «Е-16» аялдамасы енді «Ж.Молдағалиев көшесі» деп аталады. Бұл жерден №17, 29, 29А, 56, 61 және 63 бағыттар өтеді.

Кенесары көшесіндегі «Сауда-экономикалық колледж» аялдамасы «Каминный» тұрғын үй кешені болып өзгертілді. Мұнда №9, 13, 55А, 55Б және 82 автобустары жүреді.

Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты

Бұдан бөлек, «№15 мектеп-лицей» аялдамасы енді «Жеңіс даңғылы» деп аталады. Оған №4, 4А, 5, 5А, 7, 12, 20, 21, 25, 31, 40, 71 және 72 маршруттары қызмет көрсетеді. Н.Тілендиев даңғылындағы «Бақыт» қонақ үйі аялдамасы «Жеті жол» тұрғын үй кешені болып өзгертілді. Бұл бағыттан №46, 49, 65, 120А, 306, 310, 311, 319, 326 және 328 автобустары өтеді.

Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды

Сонымен қатар, С.Шаймерденов көшесіндегі «Metro» гипермаркеті аялдамасы қозғалыс бағытына қарай екі атауға бөлінді: «Yrys» және «Amirel» тұрғын үй кешендері. Бұл аялдама арқылы №65, 71 және 75 маршруттары жүреді.

Нұрболат АМАНБЕК

Бөлісу: