Саясат
1 мин оқу 120

Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды

<p>Израиль әскері атысты тоқтату режимін бұзып, Ливанның шекаралық Хиям қаласына артиллериялық соққы жасады. Бұл туралы ливандық NNA агенттігі жаряилады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды

Агенттік мәліметінше, келісімге қарамастан қалаға бірнеше снаряд түскен. Бұл жарияланған бітімнің бұзылғанын білдіреді.

100-ге жуық зымыран ұшырылды: «Хезболла» Израильге ең ауқымды соққы жасады

Айта кетейік, 16 сәуірде Израиль мен «Хезболла» қозғалысы он күндік атысты тоқтату режиміне келіскен болатын. Келісім 17 сәуірде түн ортасынан бастап күшіне енді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл шешім АҚШ-пен қарым-қатынасты ескере отырып қабылданғанын мәлімдеді. Алайда Израиль үкіметі бұл мәселе бойынша ресми дауыс бермеген.

Нұрболат АМАНБЕК

Бөлісу:
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар