Аймақтар
1 мин оқу 40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
<p>Шығыс Қазақстан облысында жалпы құны 450 миллион теңгені құрайтын үш экопарк салынады. Жобаларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың мәлімдеуінше, экопарктердің құрылысы жасыл аймақтардың көлемін ұлғайтуға, заманауи қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыруға және өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.
Аталған экопарктер келесі аумақтарда орналастырылады:
- «Березовая роща» – Өскемен қаласында (21,4 га);
- «Жасыл аймақ» – Ұлан ауданында (25 га);
- «Горная Ульбинка» – Глубокое ауданында (40 га).
Шығыс Қазақстан облысында бір мезетте 5 мыңнан астам домбырашы «Ақбұлақ» әнін орындады
Сонымен қатар, мұндай экопарктерді облыстың басқа да елді мекендерінде кезең-кезеңімен салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Нұрболат АМАНБЕК
Бөлісу: