Спорт
1 мин оқу 30
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
<p>Қазақстан теннисшісі Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен ITF World Tennis Tour Juniors (J60) халықаралық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шешуші финалдық кездесуде Аңсар жергілікті қытайлық теннисшімен шеберлік байқасты. Тартысқа толы матчта отандасымыз ойын тізгінін өз қолында ұстап, маңызды сәттерде басымдық танытты.
Нәтижесінде 7:5, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетіп, бас жүлдені иеленді.
Бөлісу: