Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
<p>Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған ұлттық жоба бекітілді. Жоба аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды экологиялық талаптарға сай жаңғырту көзделген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа нысандарда «таза көмір» технологиялары енгізіледі. Олардың қатарында бу мен температураның жоғары параметрлерінде жұмыс істейтін қондырғылар, түтін газдарын тазартатын электрофильтрлер мен қап сүзгілер, азот оксидтерін азайтатын каталитикалық жүйелер және күкірт қосылыстарын жоятын десульфурация қондырғылары бар.
Сонымен қатар қолданыстағы көмір электр станциялары кезең-кезеңімен заманауи технологиялармен жаңғыртылады.
Жобаны іске асыру нәтижесінде көмір электр станцияларындағы зиянды шығарындылар 34 пайызға дейін қысқарып, электр энергиясын өндіру тиімділігі арта түспек.
Нұрболат АМАНБЕК