Ауа райы
1 мин оқу 70
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
<p><strong>«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 21 мен 23 сәуір аралығында Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

23 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Сондай-ақ, кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Синоптиктер күндізгі ауа температурасының төмендейтінін де ескертті:
- Батыста – +7...+17 градус;
- Солтүстікте – +13...+20 градус;
- Орталықта – +15...+23 градус;
- Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +15...+20 градус жылы болады.
Бөлісу: