Оқиға
1 мин оқу 50
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
<p data-start="74" data-end="171">20 сәуір күні полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адамның тұрғаны туралы хабар түскен. Тексеру барысында оның Астана қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен секіруге әрекет жасауы мүмкін болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға орнына жедел қызметтер мен психологтар жұмылдырылып, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Полиция қызметкерлері аумақты қоршап, төменгі жақта арнайы үрлемелі қауіпсіздік жастығын орналастырған.
Жүргізілген үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде жас жігіт төбеден түсіріліп, қауіпсіз жерге жеткізілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Бөлісу: