Қазақстан
1 мин оқу 50

Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды

<p><strong>Елімізде ұшу географиясы кеңейіп, қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер саны артып келеді. Осы бағытта таяуда Қазақстан мен Армения арасында әуе рейсі қайта іске қосылмақ, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды

Көлік министрлігінің мәліметінше, 18 сәуірден бастап отандық «SCAT» әуе компаниясы Boeing 737 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен Ақтау – Ереван бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді

Бұған қоса, 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап армениялық «SHIRAK AVIA» әуе компаниясы Астана – Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) жиілігімен тұрақты рейстерді іске қосты. Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады.

SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?

Жаңа әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі. 

Нұрболат АМАНБЕК

Бөлісу:
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар