Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
<p>Астанада 22–24 сәуір аралығында Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Осыған байланысты қаладағы бірқатар негізгі көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеліп, кей жерлерде жолдар жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

22 сәуір күні қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі:
– 08:00–11:00 аралығында Қабанбай батыр даңғылы EXPO бағытына қарай жабылады;
– 10:00–13:00 аралығында Мәңгілік Ел даңғылы EXPO аумағында шектеледі;
– 12:00–14:00 аралығында Түркістан көшесі мен Сығанақ көшесі қозғалысы шектеледі;
– 17:00–19:30 аралығында EXPO аумағынан қонақүйлер бағытына шығу уақытша тоқтатылады.
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
23 сәуір күні жүктеме ең жоғары деңгейге жетеді, сондықтан шектеулер таңертең 07:30-дан бастап енгізіледі. Бұл күні де қаладағы негізгі бағыттарда қозғалыс уақытша жабылады.
Қала билігі тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді сұрайды.