Қазақстан
1 мин оқу 60

Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді

<p><strong>Ел астанасында Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері өтеді. Бағдарлама аясында өткізілетін шығармашылық және іскерлік іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді

Негізгі іс-шара – Ресейдің мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні «Астана Опера» театрының сахнасында өтеді. Бұл күні елордада Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі де басталып, фильм көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ бағдарлама аясында 23 сәуірде Ұлттық музейде екі елдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды

Айта кетейік, 2025 жылдың 10-13 қазаны аралығында Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдениет күндері өткен еді.

Бөлісу:
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар