Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
<p><strong>Елордада демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жәрмеңкеде түрлі өңірлерден келген фермерлердің және өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Жалпылай айтқанда, көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдері, оған қоса кондитерлік өнімдер, табиғи шырындар, тосаптар және басқа да тауарлар саудаланады.
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Іс-шара 25-26 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.
«Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орынға жақын маңнан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағыттағы автобустар қатынайды», делінген хабарламада.