Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
<p>Мәдениет және ақпарат министрі <span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Аида Балаева</span></span> жаңа бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, енді концерт ұйымдастырушылар мен әртістер көрермендерді фонограмма қолданылатыны туралы алдын ала ескертуге міндетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа талап бойынша, мұндай ақпарат билет сатылымы басталғанға дейін кемінде 30 күн бұрын жариялануы тиіс. Яғни көрермен билет алмай тұрып-ақ концертте «жанды дауыс» немесе фонограмма қолданылатыны жөнінде білуі керек.
Энрике Иглесиастың концерті кезінде қауіпсіздікке кім жауап береді?
Сонымен қатар, ескерту тек бір жерде емес, бірнеше платформада көрсетілуі міндеттелді. Ол:
– сыртқы жарнамада,
– билет сату орындарында,
– бұқаралық ақпарат құралдарында,
– әлеуметтік желілерде жариялануы тиіс.
Толық аншлаг: NU студенттер оркестрінің концерті 1500 көрермен жинады
Теледидар мен радиода берілетін жарнамаларға да нақты талаптар енгізілді. Фонограмма туралы ескерту кемінде 5 секунд айтылып, оның дыбысы негізгі жарнамадан бәсең болмауы керек. Қысқа роликтерде диктор нақты түрде «Вокалдық фонограмма қолданылады» деп айтуға міндетті.
Жалпы, бұл өзгерістер көрерменге ашық ақпарат беру және концерттік қызметтің мөлдірлігін арттыру мақсатында енгізілген. Бұған дейін де бұл мәселе бірнеше жыл бойы талқыланып келген болатын.