Оқиға
1 мин оқу 50
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
<p><strong>Ақтау қаласында кезекті жаппай төбелес фактісі тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаланың 20-шағын ауданында бірнеше адам екі жасөспірімге шабуыл жасап, дене жарақатын салған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Оқиғаның бір бөлігі тұрғындар тарапынан бейнежазбаға түсірілген. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталды, екеуі де 17 жаста. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Бөлісу: