Әлем
2 мин оқу 40
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
<p style="text-align: justify;"><strong>Израиль мен Ливан арасындағы атысты тоқтату режимі үш аптаға дейін ұзартылды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақ үйде өткен кездесулерге Израиль мен Ливан елшілері қатысып, тараптар арасындағы диалогтың екінші кезеңі өткізілген. Трамп келіссөздердің нәтижесін «өте сәтті» деп бағалап, АҚШ Ливанға «Хезболла» тобына қарсы қорғаныс жүйесін нығайтуға көмектесетінін айтты.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Ливан президенті Жозеф Аунмен кездесу жоспарланып отырғанын және биыл екі ел бейбіт келісімге келу ықтималдығы жоғары екенін атап өтті.
Бөлісу: