Президент
1 мин оқу 50

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

<p><strong>Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы &ndash; Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</strong></p>

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Королін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу:
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар