Жаңалықтар
1 мин оқу 200

Талқылау Астанада жалғасады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республи­ка­сының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Пре­зи­дентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко талқылауды Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы кездесуі барысында жалғастыруға уағдаласты.
Бөлісу:
Талқылау Астанада жалғасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар