Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
<p><strong>Астана қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған байланысты Абай даңғылының Республика даңғылынан А. Сембинов көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астана әкімдігі мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлау және уақытша енгізілетін қозғалыс өзгерістерін ескеру сұралып отыр.
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Қала билігі жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатынын атап өтті.
122 нысан қамтылады: Қай өңірлерде жол жөндеу жұмыстары басталды?