Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
<p>Жақын күндері Астанада ауа температурасының айтарлықтай көтеріледі. Алайда мереке күндері ауа райы күрт өзгеріп, күн күркіреуі мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада 29 сәуір күні күн райы ашық болады. Түнде +2...+4°С жылы, сондай-ақ -1°С-қа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +21...+23°С-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с-қа дейін жетеді.
30 сәуірде күн айтарлықтай жылынады. Түнде +6...+8°С, күндіз +24...+26°С жылы болады деп болжанған.
1 мамыр күні ауа райы құбылмалы болады. Түнде +9...+11°С, күндіз +25...+27°С-қа дейін ыстық болады. Бірақ күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с-қа дейін күшейеді.
Ал Алматы мен Шымкентте ауа райы тұрақты әрі құрғақ болады. Алматыда күндіз +24...+29°С жылы болса, Шымкентте нағыз жазғы аптап орнап, сынап бағанасы +30...+32°С-қа дейін көтеріледі.
Еске сала кетейік, бүгін түнде еліміздің бірнеше облысында үсік жүреді.