Оқиға
1 мин оқу 40

Алматыда ағаш құлап, көліктер мен электр желілерін зақымдады

<p>Алматыда тағы бір ағаш құлау оқиғасы тіркелді.Бұл жолы Медеу ауданында орналасқан Бөгенбай батыр мен Бегалин көшелерінің қиылысында терек құлап, электр сымдары мен тұрақта тұрған көліктерге зақым келтірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда ағаш құлап, көліктер мен электр желілерін зақымдады

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында  жарияланды.

Медеу аудандық әкімдігінің мәліметінше, құлаған ағаштың диаметрі шамамен 90 сантиметр болған. Оның ішкі бөлігі кеуіп тұрғанымен, сырт көзге апатты белгілері байқалмаған.

Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта аумақты тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: