Елорда
1 мин оқу 70
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
<p><span class="s1">Астанада LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін тестілік сынақтан өткізу жұмысы толық көлемде аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, қазір желіде жоспарлы тазалау және регламенттік жұмыс жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты, 5 мамырға дейін барлық LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
«LRT нысандарында эстакадалық инфрақұрылымды тазалау, станция ғимараттарын тазалау, сондай-ақ жекелеген инженерлік жүйелерді одан әрі пайдалануға дайындау жұмысы жүргізіледі», делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Бұл жұмыс LRT инфрақұрылымын дайындау аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылады.
Бөлісу: