Отан қорғаушылар күні Астанада ірі плац-концерт өтеді

Елордада Отан қорғаушылар күні кең көлемде аталып өтеді. Қазақ елі алаңында 7 мамыр күні сағат 11:00-де мерекелік плац-концерт өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында көрермендерге әскери оркестрлердің орындауындағы концерттік бағдарлама және мемлекеттік органдардың саптық есептоптарының қатысуымен көрсетілімдер ұсынылады. Сонымен қатар саптық дайындық элементтері мен салтанатты бөлімшелердің арнайы қойылымдары сахналанады.
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, плац-концертке еліміздің күштік құрылымдарының өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері қатысады.
Мерекелік шара елордалықтарға әскери қызметтің тәртібі мен салтанатын таныстыруға, сондай-ақ Отан қорғаушыларға құрмет көрсетуге бағытталған.
Астанада киберспорттан әлемдік деңгейдегі 16 команда жарысқа түседі