Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
<p><strong>Елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасына қатысты жаңа бағамдар ұсынылды. Нарықтағы өзгерістерге сай, доллар құны екі қалада да әртүрлі деңгейде қалыптасып отыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Kurs.kz дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында доллар 461,00 теңгеден сатып алынып, 468,00 теңгеден сатылып жатыр.
Еуро бағамы да жоғары деңгейде: сатып алу – 539,00 теңге, сату – 549,00 теңге. Ресей рублі 6,00 – 6,30 теңге аралығында болса, Қытай юані 66,91 теңгеден сатып алынып, 72,91 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматы қаласында валюта бағамы сәл өзгеше қалыптасқан. Мұнда доллар 463,49 теңгеден сатып алынып, 465,79 теңгеден сатылып жатыр.
Еуро 542,70 – 547,81 теңге аралығында саудаланса, рубль 5,94 – 6,07 теңге шамасында. Юань бағамы 67,44 – 70,18 теңге аралығында құбылып тұр.
Еске салайық, 4 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,44 теңгеге өсіп, 464,53 теңгені құрады.