Өскемендегі зауыттардың бірінде жарылыс болды
<p><strong>Өскемен қаласында орналасқан зауытта апат болды. Әлеуметтік желіде нысан аумағында қою түтін шығып жатқан видеолар кең тарап жатыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Оқиғаға қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, зауыт аумағында шаң сүзу цехындағы арнайы құрылғыда газ-ауа қоспасынан жарылыс болған. Салдарынан өрт тұтанып, ғимараттың бір бөлігі опырылған. Қазір оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмысқа кіріскен. Сондай-ақ зардап шеккендердің бар-жоғы анықталып жатыр.
Ақмола облысындағы сүт зауытында жарылыс болды: 2 жұмысшы зардап шекті
«Оперативтік штаб құрылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр», делінген министрлік таратқан хабарламада.