Саясат
2 мин оқу 110

Өңірлер қауіпсіздігі Алматыда талқыланды

<p style="text-align: left;">&laquo;Орталық Азия &ndash; Оңтүстік Кавказ &ndash; Таяу Шығыс үштаға&shy;нын&shy;дағы қауіпсіздік, геосаясат және түркі интеграциясы&raquo;. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжі&shy;ри&shy;белік конференция осын&shy;дай тақырып аясында ұйымдас&shy;тырылды. Екі күнге созылған жиынға Әзербайжан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Грузия, Ресей және Ұлыбританиядан келген ғалымдар, сарапшылар мен талдау орталықтарының өкілдері қатысты.</p>

Өңірлер қауіпсіздігі Алматыда талқыланды

Халықаралық басқосу қазіргі гео­саяси ахуалдағы Еуразия кеңістігінің маңы­зын, өңіраралық қауіпсіздік мәселеле­рін, түркі интеграциясы­ның даму бағытын, сондай-ақ көлік-логистика дәлізде­рінің стратегиялық рөлін талқылауға арналды.

Ғылыми жиынды Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынас­тар және әлемдік экономика кафедрасы, Аймақтық қатынастарды талдау орта­лығы және Халықаралық ғылымды дамыту орталығы ұйымдастырды. Кон­ференция PhD, доцент міндетін атқарушы Әділбек Ермекбаев жетек­шілік ететін «Қазақстанның ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету кон­тексінде Халықаралық Транскаспий бағытын іске асырудағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» және «Түркі интеграция­сын тереңдету: Қа­зақ­стан үшін перс­пективалар, гео­саяси тәуекелдер мен қауіптер» ғылыми жобалары аясында жүзеге асырылды.

Конференция барысында Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Таяу Шығыс кеңістігіндегі қауіпсіздік архитектурасы, геосаяси өзгерістер, өңірлік интеграция, энергетика, көші-қон, су ресурстары, көлік дәліздері және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сарапшылар аталған өңірлердің бір-бірімен барған сайын тығыз байланысып келе жатқанын, сондықтан олардың біріндегі саяси немесе экономикалық өзгеріс тұтас Еуразия кеңістігіне әсер ететінін айтты.

Панельдік сессияларда өңірлік және өңірден тыс акторлардың сыртқы сая­си басымдықтары, Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың көршілес аймақтарға ықпалы, Түркия саясатының өзгеруі, Үндістанның стратегиялық мүдделері және Қазақстанның Таяу Шығыс елде­рімен қарым-қатынасындағы көп­век­торлы ұстанымы қарастырылды. Қауіп­сіздік тақырыбына арналған сес­сияда Пәкістан, Ауғанстан және Орталық Азия тоғысындағы транс­ұлттық қатерлер, терроризм, дәстүрлі емес қауіптер, су факторы, көші-қон үдерістері және аймақ­тық тұрақтылық мәселелері талқы­ланды. Сонымен қатар Шанхай ынты­мақтастық ұйымының қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен жасанды интеллектінің жұмсақ күш құралы ретіндегі әлеуеті сөз болды.

Түркі интеграциясына арналған отырыста сарапшылар түркі әлемі­нің қазіргі даму бағытын, түркі аймақ­шыл­дығының келешегін, мәдени және білім беру қауіпсіздігін, сондай-ақ Түр­кі мемлекеттері ұйымының саяси, гуманитарлық және сарапшылық бай­ланыстарды нығайтудағы орнын тал­қылады. Қазақстан, Әзербайжан және Түр­кияның стратегиялық ұстаным­­дары мен жа­һандық тұрақсыздық жағда­йын­дағы ықтимал тәуекелдер де назарға алынды.

Конференция қорытындысында қатысушылар Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Таяу Шығыс елдері арасын­дағы ғылыми және сарапшылық ынты­мақтастықты кеңейту қажет екенін атап өтті. Бірлескен зерттеулер жүргізу, университетаралық байланыстарды дамыту және өңірлік қауіпсіздік пен интеграциялық үдерістер бойын­ша тұрақты академиялық диалог қалып­тастыру маңызды бағыт ретінде айқын­далды.

Бөлісу:
Өңірлер қауіпсіздігі Алматыда талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар