Жеңіс күніне орай 3398 астаналыққа біржолғы төлем берілді
<p><strong>Елордада Жеңіс күніне орай 3398 адам әлеуметтік төлем алды. Бүгінгі таңда қаладағы жалғыз Ұлы Отан соғысы ардагеріне 5 млн теңге төленген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, ҰОС ардагеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем толық аударылған.
Бұдан бөлек төлем алушылар қатарында:
– соғыс ардагерлеріне теңестірілген 476 адам (45 АЕК – 194 625 теңге)
– басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан 1167 адам (45 АЕК)
– жеңілдіктер қолданылатын өзге санаттағы 1753 адам (15 АЕК – 64 875 теңге) бар.
Қалалық әкімдік өкілдері бұл азаматтарға бұдан бөлек коммуналдық қызметке жеңілдік, тегін дәрі-дәрмек, қоғамдық көлік және санаторийлік емделу қарастырылғанын атап өтті.
Нұрболат АМАНБЕК