Оқиға
1 мин оқу 60

Қытайда фейерверк зауытында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты

<p><strong>Қытайдың Хунань провинциясы аумағындағы фейерверк зауытында болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза тауып, 61 адам жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қытайда фейерверк зауытында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты

Жарылыс Люян қаласындағы Huasheng Fireworks Manufacturing and Display Company кәсіпорнында болған. Бұл қала Қытайдағы пиротехникалық өндіріс орталықтарының бірі саналады.

Оқиға орнына 500-ге жуық құтқарушы, өрт сөндіруші және медицина қызметкері тартылған. Қауіпсіздік үшін маңайдағы тұрғындар эвакуацияланған, себебі екі қоймада қара оқ-дәрі болған. Құтқару жұмыстарына роботтар да тартылған.

Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді

Жарылыстың нақты себебі анықталып жатыр. Қытай билігі кәсіпорынға қатысты бақылау шараларын күшейткенін мәлімдеді. Си Цзиньпин оқиғаны толық тергеуді және қауіпсіздік бақылауын арттыруды тапсырды.

Нұрболат АМАНБЕК

Бөлісу:
Қытайда фейерверк зауытында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар