Елорда
2 мин оқу 60

Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді

<p><strong>Отан қорғаушылар күніне орай Астана қаласындағы &laquo;Tanym&raquo; көпфункционалды кешенінде &laquo;Шекарашы балақай&raquo; мульсериалының салтанатты таныстырылымы өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді

Жоба Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Әскери-патриоттық қызмет басқармасы бастамасы негізінде «Balapan» телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылған.

«Шекарашы балақай» – Қазақстандағы әскери тақырыптағы дебюттік анимациялық жоба. Мультхикая жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, мемлекеттік шекараны қорғаудың маңызын түсіндіру және әскери қызметке деген құрметті арттыруды көздейді.

Шекарашылармен өткен бір күн

Іс-шара барысында ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары, генерал-майор Төлеужан Жүнісов жобаның маңыздылығына тоқталып, әскери-патриоттық тәрбиенің жас ұрпақ үшін ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Шекара қызметі жүйесінде 380 әскери-патриоттық клуб қарқынды жұмыс істейді. Онда 5 700-ден астам тәрбиеленуші білім алып жатыр.

«Шекарашы балақай» сияқты жобаның дүниеге келуі біз үшін үлкен қуаныш. Бұл – тек мультхикая ғана емес, балаларға түсінікті тілде Отанға қызмет ету, шекара күзетшілерінің еңбегін құрметтеу және ел алдындағы жауапкершілікті сезіну құндылықтарын жеткізетін заманауи құрал. Шекара қызметі үшін әскери-патриоттық тәрбие әрқашан ерекше назарда, және біз бұл бағыттың жаңа, қолжетімді әрі әсерлі форматта дамып жатқанына қуаныштымыз», деді Шекара қызметі директорының орынбасары.

Жас шекарашылардың жаңа белесі

Іс-шара барысында қонақтар мультхикаяны тамашалап, жобаның бастамашылары және оны жүзеге асырған шығармашылық топ өкілдерімен кездесті.

Аталған іс-шараға әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, оқушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен республикалық БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар мұндай жобалардың жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіндегі маңызы зор екенін атап өтті.

Бөлісу:
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар