Елорда
1 мин оқу 60

Астанада «Нұрлы жол» маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі

<p>Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты &laquo;Нұрлы жол&raquo; вокзалы маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Шектеулер түнгі уақытта күшінде болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада «Нұрлы жол» маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі

Орташа жөндеу жұмыстары аясында Сафуан Шаймерденов көшесінің Жұмекен Нәжімеденов және Ахмет Байтұрсынов көшелерімен қиылысатын учаскелері жабылады.

Атап айтқанда:
– 5 мамыр сағат 19:00-ден 6 мамыр сағат 08:00-ге дейін Шаймерденов пен Нәжімеденов көшелерінің қиылысы;
– 6 мамыр сағат 19:00-ден 7 мамыр сағат 08:00-ге дейін Шаймерденов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысы жабық болады.

Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады

Қала билігі жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген шектеулерді ескеруді сұрайды.

Бөлісу: