Ресми мәліметке сәйкес, елімізде тұратын ер азаматтардың саны 10 044 673 адамды құрайды.
Жас ерекшелігі бойынша ерлердің үлесі:
- 0-15 жас – 30,2%;
- 16-60 жас – 56,5%;
- 61 жастан жоғары – 13,3%.
Ер адамдар ең көп тұратын өңірлер:
- Алматы – 1,1 млн;
- Түркістан – 1,1 млн;
- Алматы – 806,5 мың;
- Астана – 785,4 мың
Қазақстандағы ер азаматтардың орташа жасы – 31,1 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 72,19 жас.
2025 жылғы дерек бойынша, жұмыспен қамтылған халықтың 51,6%-ын немесе 4,8 млн ер адамды ерлер құрайды. Оның ішінде жалдамалы қызметкерлер арасындағы үлесі – 50,6%, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы үлесі – 55,1%.
Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:
- Өнеркәсіп – 16,5%
- Көтерме сауда – 14%
- Ауыл шаруашылығы – 12,4%
- Көлік және қоймалау – 11,1%
Сонымен қатар ер азаматтар жеке кәсіпкерлердің 54,7%-ын құрайды.
Ең көп жұмыс істейтін ер адамдар 35-44 жас аралығында. Бұл санатта 1,4 млн адам бар.
Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда ұл балаларға ең жиі қойылған есім – Алан. Бұл есім 817 балаға берілген. Одан кейінгі танымал есімдер қатарында Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан бар.