Президент
1 мин оқу 100

Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

<p>Алдағы апта Қазақстанның сыртқы саясаты үшін маңызды оқиғаларға толы болмақ. Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келсе, Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. 

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. 

Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады. 

Бөлісу:
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар