Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі
<p><strong>Алдағы күндері Қазақстанның батыс және оңтүстік аумақтарында күндізгі ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін жоғарылайды. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағындағы ауа райына екі барикалық құрылым әсер етеді. Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, сондай-ақ күндізгі ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.
«Республиканың қалған бөлігінде суық антициклон өз әсерін сақтайды. Түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 1-6 градусқа дейін үсік күтіледі. Ал күндіз бұлттылықтың аз болуына байланысты ауа температурасы +12…+28 градустан +20…+30 градусқа дейін көтеріледі», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Бұршақ жауып, күн күркірейді: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы
Мамандар республика бойынша желдің күшеюі күтілетіндігін айтып, оңтүстік өңірлердегі тұрғындарды шаңды дауылдан сақтануға шақырады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман күтіледі.
Нұрболат АМАНБЕК