Оқиға
1 мин оқу 40

25 адам құтқарылды: Көкшетауда паром көлдің ортасында тұрып қалған

<p><span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Көкшетауда&nbsp;</span></span>құтқарушылар ақауы бар паромнан жолаушыларды дер кезінде эвакуациялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz&nbsp;</a>Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.</p>

25 адам құтқарылды: Көкшетауда паром көлдің ортасында тұрып қалған

Оқиға Қопа көлі аумағында болған. Құтқарушылар су айдынын патрульдеу кезінде ішінде адамдар отырған, бірақ техникалық ақауы бар паромды байқайды.

Кеме жағадан шамамен 700 метр қашықтықта тұрған. Құтқару жұмыстары нәтижесінде 25 адам жағаға шығарылды, олардың ішінде 10 бала бар.

Министрліктің мәліметінше, эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.

Бөлісу: