Футбол
1 мин оқу 30

Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды

<p><strong>Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі&nbsp;Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының 30-туры аясында өткен &laquo;Сочи&raquo; және &laquo;Ахмат&raquo; матчында ең үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы негізгі құрамда алаңға шығып, тек 90+1 минутта алмастырылды.

Осылайша 2025/26 маусым қорытындысы бойынша «Ахмат» клубы 37 ұпай жинап, Ресей чемпионатын 9-орында аяқтап отыр.

Еске сала кетсек, Максим Самородов 2024 жылдың тамыз айында «Ақтөбе» клубынан «Ахмат» командасына ауысып, содан бері команда көшбасшыларының біріне айналды. Отандасымыз маусым барысында 34 матч өткізіп, 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

«Астана» футболшысы әлем чемпионатында ойнайды

Айта кетейік, грозныйлық клуб сапында тағы бір Қазақстанның ойыншысы – Ғалымжан Кенжебек өнер көрсетеді. Ол бұған дейінгі «Динамо Махачкала» матчында (1:1) клуб сапындағы алғашқы голын соққан болатын.

Ал жақында ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы Стас Покатилов Әзербайжан кубогінің иегері атанғанын жазған едік. 

Бөлісу:
Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар