Парламент
1 мин оқу 60

Қазақстанда облыстар мен ауылдарды құрудың жаңа тәртібі бекітілді

<p><strong>Парламент екінші оқылымда &laquo;Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы&raquo; Конституциялық заңды қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстанда облыстар мен ауылдарды құрудың жаңа тәртібі бекітілді

Құжатта Қазақстан аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің – облыстар, аудандар, қалалар, ауылдар және өзге де елді мекендердің мәртебесі айқындалған. Сонымен қатар оларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі реттеліп, тиісті мемлекеттік органдардың өкілеттіктері белгіленген.

Заңда әкімшілік-аумақтық өзгерістерді қараудың нақты құқықтық критерийлері енгізіліп, шешімдер әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне негізделе отырып қабылданатыны көзделеді.

Бұдан бөлек, цифрландыру талаптарына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктерді және олардың шекараларын «Мекенжай тіркелімі» жүйесінде есепке алу және тіркеу тәртібі бекітіледі.

Сондай-ақ елді мекендердің шекараларын белгілеу мен өзгерту бас жоспарлар мен даму схемалары негізінде жүзеге асырылып, қала құрылысы мен аумақтық жоспарлау арасындағы байланыс күшейтіледі.

Сондай-ақ, Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Президент пен Құрылтай өкілеттіліктері туралы Конституциялық заңдар қабылданып, елорда мәртебесі заңмен бекітілді.  

Бөлісу:
Қазақстанда облыстар мен ауылдарды құрудың жаңа тәртібі бекітілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар